Милан Галич (серб. Милан Галић; 8 наурыз 1938, Зренянин — 13 қыркүйек 2014, Белград) — югославиялық футболшы, шабуылшы. 1960 жылғы Олимпиада чемпионы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Милан Галич |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
8 наурыз 1938 (1938-03-08)
|
---|
Туған жері |
Зренянин, Югославия
|
---|
Қайтыс болған күні |
13 қыркүйек 2014 (2014-09-13) (76 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Сербия
|
---|
Бойы |
173
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Туған қаласындағы "Пролетер" клубының түлегі. 1958 жылы "Партизанға" ауысты да, сегіз маусым ойнады, оның төртеуінде Югославия чемпионы атанды, 1966 жылы Чемпиондар кубогының финалында ойнады.
1966 жылы "Стандардқа" ауысты. Бельгия чемпионатында да екі рет жеңімпаз атанды.
Карьерасының соңғы жылдарында Францияның "Реймс" клубында доп тепті.
1959 жылы 31 мамырда Болгарияға қарсы ойында тұңғыш рет Югославия құрамасы сапында алаңға шықты да, гол соқты.
1960 жылы Еуропа чемпионатының финалисі атанды. Финалда КСРО - Югославия футболшылары кездесіп, 43-минутта Галич есеп ашты. Бірақ Югославия 1:2 есебімен ұтылып қалды.
1960 жылғы Жазғы Олимпиадада бес кездесуде алаңға шығып, жеті голдың авторы атанды[1]. 1962 жылғы әлем чемпионатына да қатысты. Құрама сапында соққан голдары бойынша Степан Бобектен кейін екінші орында. Құрама сапында 51 кездесу өткізіп, 37 гол соқты.
1965 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
- «Партизан»
- Югославия чемпионы (4): 1960/61, 1961/62, 1962/63, 1963/64
- Чемпиондар кубогының финалисі (1): 1965/66
- «Стандард (Льеж)»
- Бельгия чемпионы (2): 1968/69, 1969/70
- Бельгия кубогы (1): 1967
- Югославия
- ЕУРО-1960 финалисі
- Олимпиада чемпионы: 1960